Air Astana мен Garuda Indonesia әуе компаниялары 15 мамырдан бастап Қазақстан мен Индонезия арасында әуе сапарларын іске қосады. Аталған рейс Бали – Сеул – Алматы қалалары арасында ұшады, деп хабарлайды Қазақстандағы Индонезия елшілігі.
«Туристер ағыны, халықтар арасындағы байланыс, екі ел арасындағы сауда және инвестициялық жобалардың көлемі артады деп күтіп отырмыз. Garuda Indonesia әуе компаниясының бас директоры Ирфан Сапутра өз мәлімдемесінде Бали – Сеул – Алматы бағыты бойынша әуе қатынасы рейстер арасындағы транзиттік уақыт шамалы болғанда және Оңтүстік Корея Инчхон әуежайында транзиттік визаны ресімдеудің қажеті болмаған кезде ұшатын рейстердің неғұрлым бәсекеге қабілетті болатынын айтты», – делінген хабарламада.