Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент «Болашақ ойындары – 2026» сайысының ашылу салтанатына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан "Болашақ ойындары – 2026" сайысының ашылу салтанатында сөз сөйледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.07.2026
Жаңалықтар, Саясат

«Ең алдымен, бәріңізге елордамыз – Астанаға шын жүрегіммен қош келдіңіздер деймін! Бүгін біз «Болашақ ойындары – 2026″ халықаралық сайысын бастаймыз. Бұл – елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтатын мағынасы айрықша тарихи іс-шара. Дүбірлі дода биыл Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Біз үшін бұл – зор мәртебе», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ президент жаңа ғана Ресей президенті Қазақстанға және барша спортшыларға арнайы құттықтауын жолдағанын айтып, ыстық ықыласы үшін Ресей көшбасшысы – Владимир Владимирович Путинге зор ризашылығын білдірді.

«Бүгінгі салтанатты рәсімге Тәжікстан президенті Эмомали Шарипович Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Нургожоевич Жапаров қатысып отыр. Бауырлас елдердің басшыларына және ресми делегация жетекшілеріне алғыс айтамын. Баршаңызға мәлім, «Болашақ ойындары» – Ресейдің бастамасымен жүзеге асқан жоба. Бұл жобаның сәтті іске асуы президент Владимир Путиннің арқасы деуге толық негіз бар. Аз уақыт ішінде бұл жарыс жаһандық деңгейдегі сайысқа айналды. Бірінші дода Қазан қаласында өтіп, содан кейін Абу-Дабиде жалғасын тапты», — деді ол.

Президент бүгін бәріміз Ұлы дала төсінде бас қосып отырғандарын еске салды.

«Елордамызға 30-дан астам мемлекеттен 800-ге жуық спортшы келді. Астанадағы «Болашақ ойындары» классикалық спорт пен кибериндустрияны тоғыстырған жаһандық фиджитал-қозғалысқа тың серпін береді деп сенемін», — деді президент.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Өмірді таңда: есірткіге қарсы бол

Диана Ахметова
30.07.2026

Алкогольсіз өмір – дені сау ұрпақ негізі

Диана Ахметова
30.07.2026

Әділетті қоғамға бастар жол

Диана Ахметова
30.07.2026

Таза өлке – берекелі мекен

Диана Ахметова
30.07.2026

Бейбіт қоғамның берік тірегі

Диана Ахметова
30.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz