Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң қабылданды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Жаңа құжат психологтердің кәсіби қызметіне бірыңғай талаптар енгізіп, саладағы жауапкершілік пен қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026
Жаңалықтар, Саясат

Ақорда мәліметінше, заң Мемлекет басшысының психологтердің қызметін жүйелеу және өзін «психолог» немесе «коуч» ретінде таныстыратын біліктілігі расталмаған мамандардың қызметіне бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

Бұған дейін құжатты Парламент Сенаты мақұлдаған болатын. Депутат Әсем Рахметованың айтуынша, заң азаматтарға көрсетілетін психологиялық көмектің сапасын арттырып, кәсіби қызметтің бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға бағытталған.

Жаңа заңға сәйкес, психологтердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптар күшейтіледі. Енді мамандардың біліктілік деңгейі, кәсіби құзыреттері мен даярлық сапасын айқындайтын арнайы кәсіби стандарт бекітіледі.

Сонымен қатар психологтердің қызметінде сақталуы тиіс кәсіби этика қағидалары заң жүзінде реттеліп, Кәсіби этика кодексі қабылданады. Бұл құжат мамандардың жауапкершілігін арттырып, клиенттердің құпия ақпаратын қорғау талаптарын нақтылайды.

Ғылыми әдістер міндетті болады

Заңдағы маңызды жаңашылдықтардың бірі – психологтердің жұмысында тек ғылыми негізделген әдістерді қолдану талабының енгізілуі.

Сондай-ақ мамандардың кәсіби деңгейін тұрақты жетілдіруге бағытталған супервизия институты енгізіледі. Бұл тәжірибелі мамандардың жас психологтерге әдістемелік қолдау көрсетуіне мүмкіндік береді.

Сертификаттау және мемлекеттік тізілім енгізіледі

Құжатқа сәйкес, елімізде психологтерді міндетті сертификаттау жүйесі іске қосылады. Бұл олардың кәсіби талаптарға сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Қазақстанда алғаш рет психологтердің мемлекеттік тізілімі құрылып, онда кәсіби қызметпен айналысуға құқығы бар мамандар туралы мәліметтер жинақталады.

Елде 43 жоғары оқу орны психолог даярлайды

Қазіргі таңда Қазақстанда психолог мамандарын даярлайтын білім беру жүйесі қалыптасқан. Республика бойынша 43 жоғары оқу орнында психология мамандығы бойынша кадрлар дайындалады. Бүгінде бұл бағытта 17 мыңға жуық студент білім алып жатыр, ал жыл сайын шамамен 4 мың түлек оқуын аяқтайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде еліміздің барлық өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді. Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылдың өзінде бұл орталықтардың мамандары 50 мыңға жуық азаматқа психологиялық кеңес берген.

Жаңа заңның қабылдануы психологиялық қызмет көрсету сапасын арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және кәсіби стандарттарға сай келмейтін мамандардың қызметін шектеуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионаты аяқталды: ұлттық құрама анықталды

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026

Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң қабылданды

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026

Алматы облысында су тасқынының салдарын жою және алдын алу жұмыстары күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.07.2026

Қонаевта 100 жас спортшы жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама алды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz