Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

12 тамызда магистратураға грант тағайындау конкурсына құжат қабылдау басталады

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсушілерге арналған кешенді тестілеудің аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы Alataunews.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

11.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Республика бойынша 43 мыңнан астам адам кешенді тест тапсырған. Тест тапсырушылардың 42 пайызы шекті балл жинаса, орташа көрсеткіш 71 балды құрады. Ең жоғары балды бір адам ғана жинады. Ол 140 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген. Ереже бұзған 328 адамның нәтижесі жойылды. Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 176 адам айырылды. Тестілеу кезінде ереже бұзған 148 адам аудиториядан шығарылса, бейнежазбаларды қайта қарау арқылы 4 адамның нәтижесі жойылды.

Сонымен қатар, КТ-ға кіргізу кезінде FACE-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды.

Айта өтейік, 12 тамызда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады. Ол 15 тамызға дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады.

Болашақ магистранттар құжаттарды дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет: жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы), КТ сертификаты және бар болған жағдайда шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар. 075/у нысанындағы медициналық анықтаманы жоғары оқу орнына түскенде тапсыруға болады.

«Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді. Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттардың ең көп саны педагогикалық мамандықтар үшін қарастырылған – 3642. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 3429 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 1278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1233, ауыл шаруашылығы мен биоресурстар – 527 грант бөлінді», – деді ҚР ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Тегтер: грантконкурсмагистратура

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz