Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

12 шілдеден бастап бетті бүркемелейтін киімдерге заңмен тыйым салынды

Қазақстанда 2024 жылғы 12 шілдеден бастап қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңнамаға өзгерістер күшіне енді. Осыған байланысты құқық қорғау органдары халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.07.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Полицейлердің түсіндіруінше, бұл өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде діни сенім бостандығын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұлғаны тану мүмкіндігін сақтау және қоғамдық тәртіпті нығайту.

Учаскелік полиция инспекторлары атап өткендей, тыйым адамның бет-жүзін толықтай жауып, жеке тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін киімдерге қатысты. Мысалы, бетперде, никаб және осыған ұқсас тұмшалаушы киімдерге. Ал бет-жүзді жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира секілді киімдерге бұл шектеу қолданылмайды.

Сондай-ақ тыйым ауа райына байланысты немесе медициналық көрсеткіштер бойынша пайдаланылатын киімдерге, Қазақстан Республикасының заң талаптарын орындау кезінде, қызметтік міндеттерді атқару барысында, азаматтық қорғау шараларында, спорттық немесе мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде киілетін киімдерге жүрмейді.

Түсіндіру жұмыстары аясында полицейлер азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу шараларын да еске салды. Атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері жайлы айтып, тұрғындарға ондай әрекеттерден сақ болуды ұсынды.

Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіптің алдын алу және заң талаптарын сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізе беретінін мәлімдеді.

Тегтер: қазақстанполиция

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz