Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

12 қалада жылу желілері әбден тозған — министр

Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жылу желілері әбден тозған 12 қаланы атады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2024
Жаңалықтар
«Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес жылу желілерінің жалпы ұзындығы — шамамен 13 мың шақырым. Олардың орташа тозу деңгейі — 53 пайыз, шамамен 7 мың шақырым жылу желісін ауыстыру қажет. Жылу желілерінің жоғары тозу деңгейі Павлодар (Екібастұз — 91 пайыз, Павлодар — 83 пайыз), Ақмола (Степногорск — 82 пайыз, Атбасар — 76,5 пайыз), Солтүстік Қазақстан (Петропавл — 74 пайыз), Қостанай (Арқалық — 68 пайыз, Рудный — 68 пайыз), Маңғыстау (Ақтау — 71 пайыз) және Қарағанды (Теміртау — 67 пайыз) облыстарында», — деді Қанат Шарлапаев.

Оның айтуынша, 2030 жылға дейін жылу желілерінің тозуын 43 пайызға төмендету керек.
«Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін жыл сайын шамамен 350 шақырым жылу желісін жөндеу қажет. Қаржылық қажеттілік жылына — шамамен 250 млрд теңге. 2023 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 336 шақырым жылу желісі жаңғыртылды (175 млрд теңге)», — деді министр.
Биыл барлық қаржыландыру көзі есебінен 221 шақырым жылу желісін жөндеу жоспарда бар. Бұған шамамен 128 млрд теңге қарастырылған:

  • республикалық бюджет есебінен 72,3 млрд теңге (126 шақырым);
  • жергілікті бюджеттен 39 млрд теңге;
  • табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары есебінен 17 млрд теңге (69 шақырым).
«Қосымша 233 шақырым жылу желілерін жөндеуге 162 млрд теңгеге дайын жобалар бар. Оның ішінде 43 млрд теңге басталған 14 жобаны аяқтауға (27,3 шақырым), 119 млрд теңге 70 жаңа жобаны іске асыруға (205,6 шақырым) жұмсалады.
Қаржы министрлігімен бірлесіп Ұлытау облысы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Үкімет резервінен қаражат бөлу мәселесі пысықталып жатыр (41 млрд теңге — 60,4 шақырым)», — деді ол.

Сондай-ақ Қанат Шарлапаев министрлік жылу желілерінің тозу деңгейі өте жоғары (65 пайыздан 91 пайызға дейін) «қызыл аймаққа» жатқызылатын 12 қала анықталғанын жеткізді:

Павлодар облысы:

Екібастұз — 91 пайыз, Павлодар — 83 пайыз,

Ақмола облысы

Степногорск — 82 пайыз, Атбасар — 76,5 пайыз,

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл — 74 пайыз,

Маңғыстау облысы

Ақтау — 71 пайыз

Қостанай облысы

Арқалық — 68 пайыз, Рудный — 68 пайыз,

Абай облысы

Семей — 68 пайыз,

Қарағанды облысы

Теміртау — 67 пайыз,

Түркістан облысы

Кентау — 65 пайыз;

Шығыс Қазақстан облысы

Риддер — 59,5 пайыз.

«2023 жылдың қорытындысына сәйкес осы қалалардағы жылу желілерінің орташа тозу деңгейі 73 пайыз болған», — деді министр.
Тегтер: жылу желілеріминистр

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz