Кездесуге облыс әкімі Бейбіт Исабаев пен өңірдің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жоғары кәсіби біліктілікті талап ететін сот төрелігін жүзеге асыру барысында судьялардың жауапкершілік жүгінің ауыр екендігіне назар аударды.
Жұмыс сапары шеңберінде Нұрсерік Шәріпов облыстық соттың, Талдықорған қалалық соты мен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларымен кездесу өткізді. Ол заңдарға енгізілген түзетулерге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыруға, судья әдебі нормаларын сақтауға және электрондық сот төрелігін дамыту қажеттігіне баса назар аударды.
Жиын соңында спикер өңірдің судьялар корпусының алдына Жоғарғы Соттың жобаларын іске асыру бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.
Ержан Әбдірақымұлы Кененбаев 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1992-2007 жылдары Алматы қаласының прокуратура органдары мен түрлі мекемелерде заңгер болып қызмет атқарған.
2007-2014 жылдары – Алматы облысы Панфилов аудандық сотының судьясы.
2014 жылдан осы тағайындауға дейін – Алматы қалалық сотының судьясы.