«Кездесу 24 ақпан күні 2-шағын ауданда сағат 11.00-де №3 орта мектептің мәжіліс залында өтеді», — деп хабарлайды қала әкімінің аппараты.
Аталған шағын аудандардың тұрғындары өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін осы мектептің, қаланың сервистік әкімдігінің және қалалық Халыққа қызмет көрсету бөлімінің ғимараттарында белгіленген «ұсыныстар, ескертулер мен жауаптар үшін» деген жазуы бар арнайы жәшіктерге жазбаша түрде түсіре алады.
Алдағы кездесуге сұрақтар мен ұсыныстарды қала әкімдігінің ресми сайтына мына сілтеме бойынша жіберуге болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kapshagay/virtual-reception/question?lang=ru
Сондай-ақ, қала әкімі мектепте, №2 кабинетте кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.