Оның айтуынша, облыста 2030 жылға дейін 971 млрд. теңге сомасына 142 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 8,9 мың жұмыс орны ашылады.
«Айта кету керек, инвестиция тарту бойынша аудан 26,8% үлесімен бірінші орында тұр. Биыл аудан экономикасын дамытуға 134,6 млрд. теңге инвестиция бағытталды», — деді облыс әкімі.
Алайда, биыл тек 1 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Ол – «Қаскелең» ашық тарату құрылғысына қосылатын «Көкөзек» қосалқы стансасының құрылысы (2,8 млрд. теңге, 5 жұмыс орны).
«Ауданның даму потенциалы жоғары, орналасқан жері де бизнесті дамытуға тиімді. Сондықтан аудан әкіміне инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасап, инвестиция көлемін арттыруды тапсырамын», — деді Марат Сұлтанғазиев.