Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Марат Сұлтанғазиев: сапалы біліммен қамтамасыз ету – міндетіміз

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданы ауылдық округтерінің әкімдерімен кеңес өткізді. Кездесу барысында қысқа мерзімде жүзеге асырылуы қажет бірқатар мәселелер айтылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

27.09.2022
Сұхбат

«Тамыз айының басында аудан тұрғындарымен кездестім, нәтижесінде жұмыс сапары барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу бойынша іс-қимыл жоспары әзірленді. Бүгінгі таңда олардың кейбіреулері оң шешімдерін тапты, қалғандары іске асырылу сатысында. Сондай-ақ менің тапсырмам бойынша проблемалық мәселелер картасы әзірленді. Картадағы барлық мәселелерге басымдық беріліп, аз уақыт ішінде шешімін табуы керек», — деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

Облыс әкімінің айтуынша, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік мәселелеріне назар аудару қажет.

«Балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету — біздің басты міндетіміз. Алматы қаласы маңындағы мектептерде үш ауысымдылық мәселесі белең алып тұр. Ал мұнда, яғни Райымбек ауданы секілді аймақтарда керісінше оқушылардың жетіспеушілігін байқауға болады. Мысалы, Ұйғыр ауданына барған сапар барысында мектептердің бірінде 50 оқушыға 30-дан астам мұғалім келгенін көрдік. Балаларды бір мектепке топтау туралы шешім қабылданды», — деп атап өтті Марат Елеусізұлы.

Сонымен қатар, облыс басшысы жолдағы қауіпсіздік мәселесін көтеріп, аталған түйіткілді аудан, ауыл әкімдеріне ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Текес ауылдық округінің әкімі Нұрболат Таубалдиев облыс әкімінен орталық көше бойында тротуарлар мен арық желілерін салу бастамасын қолдауды сұрады. Марат Сұлтанғазиев бастамаларды қолдап қана қоймай, осындай жағдай қалыптасқан барлық ауылдарда көшені жарықтандыру жүйелері мен жаяу жүргіншілерге заманауи өткелдер салу бойынша өтінім енгізуді тапсырды.

Кеңесті қорытындылай келе, өңір басшысы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын жұмыс барысында негізіне алуды және айтылған мәселелерді уақытылы және сапалы шеше отырып,  халықпен тығыз жұмыс істеуді тапсырды. Өз кезегінде әкім мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ жаңадан сайланған ауылдық округ әкімдеріне жан-жақты қолдау мен тәлімгерлік көрсетілетінін атап өтті.

Тегтер: Райымбек ауданыхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz