Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Алматы облысында Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылдығы атап өтілді

Атаулы күнге орай ұйымдастырылған шара Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде өтті.

12.09.2023
Сұхбат

Салтанатты шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, спорт жайлы ойларымен бөлісті.

«Спорт – еліміздегі жетекші салалардың бірі. Өйткені спортшылар ел абыройын асқақтату жолында, әлемдік аренада Қазақстанды бренд ретінде қалыптастыруда үлкен рөл атқарып келеді. Ал Ұлттық Олимпиада комитеті отандық спорттың келбеті деп айтуға толық негіз бар. Барлық ірі халықаралық жарыстарда, Олимпиада және Азия ойындарында комитеттің абыройы мен мамандардың кәсібилігінің арқасында Қазақстан құрамасы үлкен мүмкіндікке ие болады. Республика аумағында олимпиадалық қозғалысты дамыту және оны қорғау, құндылықтарды насихаттау олимпиадалық комитеттің миссиясы екені бәрімізге аян», — деді өңір басшысы.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті бас хатшысының орынбасары Серік Сәпиев те сөз сөйлеп, тәуелсіздік алған жылдардан бері комитет спортшылардың 7 жазғы, 8 қысқы Олимпиадаға қатысуына мүмкіндік ашқанын атап өтті. Соның арқасында облыстың спорт саласын басқарған, қазір Кеген ауданының әкімі болып қызмет етіп жатқан Нұрбақыт Теңізбаев сынды талантты спортшылардың әлемге танылғанын тілге тиек етті.

Бұдан соң марапаттау рәсімі өтті. Онда облыстық Бокс федерациясының вице-президенті Асқар Сауданбеков, облыстық спортты дамыту дирекциясының директоры Дархан Әшіров, өңірдің спорт саласына зор еңбек сіңірген Тұрсынғали Еділов, Әкешай Жайлаубеков, Иван Соловьев сынды ардагерлер ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің арнайы мерейтойлық төсбелгісімен марапатталды. Спорт саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан басқа да жандар Алғыс хат иеленді. Марапаттау рәсімін елімізге белгілі спортшылар, Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Дмитрий Баландин атқарды.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ердоған Тоқаевты cәуірде өтетін Дипломатиялық форумға шақырды

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Қазақстанда 25 наурызда ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Заңсыз онлайн-казино ісі: қазақстандық блогерге іздеу жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Алматы облысында қар құрсауында қалған отбасы табылды

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz