Партия мүшелері үгіт-насихат шараларын жалғастыруда. Олар бүгінге дейін түрлі саладағы еңбек ұжымдарымен, аймақтардағы сайлаушылармен 300-ден астам кездесу ұйымдастырды. Саяси ұйым төрағасы Асхат Рахымжановтың айтуынша, өзекті әрі негізгі деген ұсыныс пен сұрақтар назарға алынып, алдағы уақытта ескеріледі. Депутаттыққа үміткерлер инстаграм әлеуметтік желісінде тікелей эфирге қосылып, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, тұрғындардың жолдаған сауалдарына жауап берді.
Айта кету керек, партия атынан Мәжіліске 19 кандидат ұсынылған.