Партия өкілдері қоғамда орын алып жатқан жағдайларды ашық баяндап, өздерінің тың ұсыныстарын ортаға салды. Сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.
«Осы партия бағдарламасын қолдауға байланысты митинг өткізіп жатырмыз. Бүгін көтеретін мәселеміз – жастар мәселесі. Болашақ білім беру мәселесі. Денсаулық мәселесі», — деді партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Айтуар Қошмамбет.