«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Жәмила Бахтиярқызының студенттермен кездесуін ұйымдастырды. Жиналғандармен шығармашылық ой бөлісіп, пікір алмасты. Он жыл өмір үшін күрескен қаламгер өзінің өмір жолы туралы жүрек тебірентер әңгіме айтты. «Бәйшешек» кітабы туралы әңгімелеп, оны жазудағы мақсатымен бөлісті. Мотивацияға толы кеште өнер мен білім туралы да әңгіме өрбіді. Келушілердің барлығы жиында ерекше көңіл-күймен отырды.
Мұнан соң «Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері жастарға денсаулықтың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар саяси ұйым бағдарламасы туралы айтты. Халық тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Партия мүшелері осыған дейін 3,5 мыңнан аса кездесу өткізді.