Құжатта көрсетілгендей, енді азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жұмыстарына мына бағалар белгіленеді:
1. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу – 8 433 теңге;
2. Қайтыс болған баланы және өмірдің бірінші аптасында қайтыс болған баланы мемлекеттік тіркеу – 8 252 теңге;
3. Бір жасқа толған және одан да көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу (мерзімін өткізіп алған жағдайда) – 8 698 теңге;
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу – 8 603 теңге;
5. Атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 525 теңге;
6. Бала асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 337 теңге;
7. Шетел азаматтары асырап алған кезде дербес деректердің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркеу немесе тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 649 теңге;
8. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу – 9 667 теңге;
9. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы, оның ішінде атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге байланысты актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу – 8 714 теңге;
10. Өлімді мемлекеттік тіркеу – 8 833 теңге;
11. Өлімді мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу – 9 189 теңге.
Қызметтердің тізімі және олардың құны туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады. Ескеретіні: бұл бағалар – тек 1 құжат үшін.
Бұйырық жобасы 24 сәуірге дейін көпшіліктің талқылауында болады.