Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туылған сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады.
ҚР ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.