Министрлік мәліметінше, суды ысырап еткендерге айыппұл көлемі 5 есе ұлғаяды. Яғни, су объектілерін қолдануға арналған тыйым белгілерін жойып, заңсыз иеленгені үшін жеке тұлғаларға 5-тен 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 184 мың теңге айыппұл салынбақ. Ал лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіп иелері үшін оның көлемі 300 айлық есептік көрсеткіш болмақ.
- Жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК;
- Лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілер немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК;
- Орта кәсіпкерлік субъектілер үшін – 150 АЕК;
- Ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін – 850 АЕК;