Ұлттық статистика бюросы еліміз тұрғындарының орташа жасы 2018 жылдан бастап аздап артқаннын мәлімдеді.
«Орта жас өсімі ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалған. Жыл басындағы ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жас. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас», — делінген бюро хабарламасында.
Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 38,9 жас,ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жастан тіркеліп отыр.