Жұмыспен қамту орталығының мамандары кірісі жоқ 12 мың жасты SMS-хабарлама арқылы жұмысқа тартпақшы.
«13 ақпанда «Отбасының цифрлық картасы» аясында кірісі жоқ 12 мың жасты анықтап, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері туралы SMS-хабарламаның алғашқы легі жіберілді. Нәтижесінде SMS-хабарлама алған адамдардың ішінен 4,8 мыңнан астамы электронды еңбек биржасына кірген. Тағы 360 адам Call-орталыққа хабарласқан», — деді ол.
Олжас Ордабаевтың айтуынша, осындай SMS алғандардың ішінде 101 адам жұмысқа орналасып, 39-ы кәсіпкерлік негіздерін оқып бастаған.
«Қазіргі таңда халықты жұмыспен қамту орталықтарының мамандары SMS алған алғашқы 12 мың адамға жұмыспен қамту бағытындағы белсенді шараларға тарту үшін қоңырау шалып жатыр», — деді вице-министр.