Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Бас прокуратура өкілі заңсыз митинг ұйымдастырып, оған қатысқандар жазаланатынын ескертті

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде үндеу жасады.

08.04.2023
Қоғам

«Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге және қатысуға шақырулар таратылып жатыр.

Бас прокуратура мұндай акцияларды ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін заңмен белгіленген жауаптылық туралы бірнеше рет ескертті.

Қоғамдық тәртіпті, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау — біздің басты басымдықтарымыз.

Сондықтан «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның нормаларын сақтау қажеттілігіне және оларды бұзуға жол бермеуге тағы да назар аударамыз.

Бұқаралық жария іс-шаралар алдын ала хабардар етумен және осы үшін арнайы бөлінген орындарда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алумен халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергілерді болдырмайтын шараларды қабылдай отырып, жүргізілуге тиіс.

Көрсетілген нормалар сақталмаған жағдайда кез келген жария шақырулар заңсыз деп танылады. Құқық бұзушыларға қатысты құқық қорғау органдары әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар қабылдайтын болады.

Атап айтқанда, Заң талаптарын (3-баптың 3-тармағы) бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке қамаққа алуға дейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Осы әрекеттердің нәтижесінде елеулі залал келтіргені үшін кінәлілер Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша айыппұл не 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түрінде қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болады.

Осыған байланысты, Бас прокуратура қолданыстағы заңнаманың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан, сондай-ақ оларға жария түрде шақырудан бас тартуға шақырады», — делінген Бас прокуратура өкілінің үндеуінде.

Тегтер: Бас прокуратуразаңсыз әрекетмитинг

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz