Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Балалар буллингімен мектеп директорлары лайықты күреспейді — қоғамдық ұйымдар дабыл қағып жатыр

Алматыда бала құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар "Қазақстандағы мектеп буллингі: мәселені шешу жолдары" атты баспасөз конференциясын өткізді. Ұйым өкілдерінің айтуынша, буллинг мәселесін мектеп директорлары қаперлеріне де алмайды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

21.10.2022
Қоғам

Қазақстанда соңғы 10 жылда жүргізілген зерттеулер мектепте балалардың 14%-дан 65%-ға дейінгісі буллингке ұшырайтынын көрсеткен. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар ата-аналар қауымдастығының сұранысын ескере отырып, осы мәселемен жұмыс істеу үшін жобалар ұйымдастырған. Аталған ұйым мүшелері соңғы бір жылда республика көлемінде 5000-нан астам тренинг өткізген. Алайда еш нәтиже бермеген.

«Қазақстанның 12 облысында 5000-нан астам тренинг өткіздік. Оған мұғалімдер, мектеп әкімшілігі, психологтар мен әдіскерлер қатысты. Бірақ нәтиже жоқ. Неге? Өйткені мектеп директорлары шындықты ашып айтудан қорқады. Мектебінің жаман аты шықпасын деп проблеманы барынша жасырады. Бала қандай да бір оқыс жағдайға ұшыраса ата-анасын кінәлі етіп көрсетеміз. Біздің тернингтердің нәтиже бермеу себебі балаға қатысты оқиғаны барынша бүркемелеп, жабық ұстаймыз. Ал жүрегінде қорқыныш, үрей болған оқушы түбі суицид жасайды», — дейді Алматы қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Халида Әжіғұлова.

Аталған ұйымға 6 айда 42 өтініш түскен. Ұйым мүшелері бұл мәселеге бірінші кезекте мектеп құлақ түрсе дейді.

«2015 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Осы жылдар ішінде көзіміздің жеткені жасөспірімдер арасындағы суицидтің себебі буллингке байланысты. Бұл проблема ашық айтыла бастағанда бізге халық жаппай хабарласа бастады. Әр баламен жұмыс істейміз, бірақ өтініш жасағандардың барлығын қамтып тастау әсте мүмкін емес. Сол себепті бізге құзырлы орындардың да көмегі керек. Мамыр айында буллингке қатысты заңға өзгеріс енгізілді. Мектеп бұл заң жобасын жүзеге асыруы керек. Бірақ, бұл мектеп қабырғаларында жүзеге аспай отыр. Сондықтан жоғарғы жақтан нақты тапсырма ретінде талап етілуі керек», — дейді.

«Just Support» қоры директорының міндетін атқарушы Светлана Богатырева. Ұйым өкілдерінің айтуынша, балалардың қоршаған ортадан зәбір көруі, қатарластарының әлімжеттігі, отбасындағы кикілжің — бұрыннын келе жатқан көрініс. Қоғамдық ұйымдар бірінші кезекте балалар буллингінің алдын алмай суицидті болдырмау мүмкін емес, дейді.

Тегтер: буллингмектеп

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz