Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Жүк пойызына мініп, әкесіне бара жатқан екі баланың біреуі ауруханада көз жұмды

Жамбыл облысында жүк пойызына мініп, әкесіне бармақ болған балалардың бірі пойыздан секірген кезде алған жарақатынан көз жұмды. Бұл ақпаратты Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

30.08.2022
Арнайы жоба

Әкімдік мәліметінше, кеше түнгі сағат 23:00-де Талас аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне 2015 жылы дүниеге келген Рамазан Рахатұлы жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Жеті жасар сәби аруханаға жеткенде ес-түссіз, жағдайы өте ауыр болған.

Бала Жамбыл облысына қарасты Билікөл ауылы тұсында жүріп келе жатқан жүк пойызынан секіріп түскен кезде ауыр жарақат алған. Бала дереу жансақтау бөліміне жатқызылып, реанимациялық шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, Тараз қаласынан санавиациямен нейрохирург дәрігер жеткізілген. Алайда, сәби жарақатының ауыр болуы салдарынан бүгін сағат 11:40-та көз жұмды.

Ал, 2013 жылы дүниеге келген Құмгелді Нұрәли Рахатұлының миы шайқалған, оң жақ самай тұсында жарақаты бар. Ол Талас аудандық орталық ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылды. Жалпы жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Тегтер: Жамбыл облысыжүк пойызыоқиға

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz