Оқиға орнына жеткен мамандар Достық станциясының таулы жерлеріндегі құрғақ шөптің жанып жатқанын байқаған.
Қызыл жалын шекарадағы бейтарап аумақта өскен қылқан жапырақты орман алқабына қарай бет алған.
«Өртті жоюға орман шаруашылығы мен шекара қызметкерлері, сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметінің 113 қызметкер мен 14 дана техника жұмылдырылып өрт оқшауланды. Қазіргі уақытта қауіп жоқ», – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Алтынбеков.
Қазір оқиға орнына қарауыл тағайындалып, түтіндеп жатқан жерлер өшіріліп жатыр.