Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Түркияда 7 балдан асатын жер сілкінісі болды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы Мемлекеттік төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті.

06.02.2023
Арнайы жоба
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Анадолы агенттігінің мәліметінше, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 6,6 магнитудалы жер сілкінісі Ислахие ауданында тіркелген. Зілзаладан ғимараттар қираған.

АФАД мәліметінше, 7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда — Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.

Түркияның ТRT мемлекеттік телеарнасы тікелей эфирде Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан провинциялардың кадрларын көрсетті. Онда тұрғындар суыққа қарамастан, зілзала қайталануынан қорқып, үйлерін тастап кетіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, Шанлыурфа провинциясында кем дегенде 16 үй қирады. Түркиядағы жер сілкінісінен кейін дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды.

«Елде дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды. Біз Төтенше жағдайлар басқармасымен бірге өңірге құтқарушылар жібердік», — деді елдің ІІМ.

Зілзалада зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмектер артылған жүк ұшақтары да ұшырылмақ, ол халықаралық көмекті қарастырады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: жер дүмпуіТүркия

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Диана Ахметова
26.08.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz