Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Түркістан облысында ломбардқа қарулы шабуыл жасалды

Түркістан облысында ломбардқа қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

28.09.2022
Арнайы жоба
Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Жетісай аудандық полиция бөліміне қалада орналасқан ломбардтардың бірінің қызметкері арызданған. Айтуынша, кешкі уақытта бетіне медициналық маска, басына бейсболка киген ер адам қару ұстап кіріп келіп, ақша талап еткен. Үрейі ұшқан ломбард қызметкері кассадағы 1,2 млн теңгені ұстатқан. Күдікті оны касса кабинасында қалдырып, сыртынан құлыптаған. Солай ізін суытқан.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеді.

Аталған ауыр қылмысты ашу үшін полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына шұғыл жетті.

Полицейлер күдіктіні «ізін суытпай» құрықтау мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде бірнеше күн ішінде бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Тәртіп сақшылары күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан ұстап, полицияға жеткізді. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.

«Анықталғандай, күдікті тонау әрекетіне бармас алдын қаладағы бірқатар ломбардты бақылап шыққан. Содан жәбірленуші тараптың ломбарды кешке дейін істейтінін біліп, оны тонауды ойластырған. Барынша қараңғы түскенін пайдаланып, ойын жүзеге асырған», — делінген полиция мәліметінде.

Күдіктінің сөзінше, ол қылмысқа ақша қажет болғандықтан барған. Айғақты зат ретінде пневматикалық тапанша алынды. Қазіргі таңда ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: қылмыстық істүркістан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz