Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Талғарда жас қызды бұрынғы жігіті аяусыз ұрып, бетін пышақпен тілгілеп тастаған

Бұрынғы жігітінен зәбір көрген қыздың оқиғасына қатысты полиция түсінік берді

05.01.2023
Арнайы жоба

«НеМолчиKZ» қоры бұрынғы жігіті аяусыз қорлап-сабаған бойжеткеннің оқиғасын желіде жариялады. Сорақысы сол, бұл жігіт бұрын да аталған азаматшаға зорлық-зомбылық көрсетіп, бірақ жазадан сытылып кеткен. Осы жайтқа қатысты полиция департаменті түсініктеме берді

«Қазіргі уақытта Б. есімді азамат стационарлы түрде медициналық мекемеде емделіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының орталық аудандық ауруханасының хабарламасы және Б. есімді азаматтың арызы Талғар ауданының ПБ-да тіркелді», — деп хабарлайды polisia.kz-ның telegram арнасы.

Аталған фактіге сәйкес, 2001 жылғы О. есімді күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Жағдайды зерттеу жоғарыда аталған бөлімшенің қызметкерлеріне жүктелді. Тергеу барысында ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайлары анықталатын болады», — делінген хабарламада.

Полиция департаментінің басшылығы қылмыстық іс бойынша тергеу барысын өз бақылауына алғаны нақтыланады.

Айта кетсек, «НеМолчиKZ» қорының нақтылауынша, 3 қаңтарда сағат 23:00 шамасында алдап-сулап қызды үйінен шығарып алған Оңталап деген жігіт оны қаланың сыртына алып шығып, Алатау тас жолының бойында аяусыз тепкінің астына алып, жартылай шешіндіріп, видеоға түсірген. Мұрнын сындырған, бетін пышақпен тілген. Сөйтіп видеоны желіге жүктеген. Бір жарым жыл бұрын ол қызға тағы осылай зорлық-зомбылық көрсеткен, ол кезде іс қозғалғанымен, қаскөй жазадан сытылып кеткен.

Тегтер: Алматы облысызорлық-зомбылықТалғар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz