Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Қарағанды облысында өрттен алты адам қаза болды

Қарағанды облысында Ақтау кентінде бес қабатты тұрғын үй өртеніп, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдйлар департаментінің баспасөз қызметі.

16.12.2022
Арнайы жоба

Қайғылы оқиға бүгін түнгі сағат екіде болған. Теміртау қаласы маңындағы Ақтау кентінде (жақын жердегі өрт сөндіру бөлімінен 27 шақырым жерде) 5 қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына жарты сағатта жеткен. Анықталғандай, бірінші қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде 40 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

«Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері келгенге дейін тұрғындар 5 адамның мәйітін (2007, 2010 жылғы ұлдар, 1983, 1991 жылғы әйелдер, 1991 жылғы ер адам) кіреберістен көшеге алып шықты. Қаза болғандар жоғарғы қабаттағы пәтерлерден түтін басқан кіреберіс арқылы өз бетінше эвакуацияланбақ болған», — делінген хабарламада.

Баспалдақ алаңында қызыл жалын болмаған, алайда түтіннің көп мөлшердегі концентрациясы салдарынан тұрғындар далаға шығып үлгермеген.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде барлау және жанып жатқан пәтердегі өртті сөндіру барысында 6-шы марқұмның (1977 жылғы ер адам) денесі табылды. Үш адам ауырлығы орташа әртүрлі дене жарақатын алған.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер баспалдақ және тыныс алу аппаратының көмегімен түтін басқан пәтердің кіреберісінен 10 адамды, соның ішінде 4 баланы құтқарды. Тілсіз жау 03:10-да оқшауланып, 04:00-де сөндірілді.

Өртті жоюға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өртке себеп болған жағдайларды зерделеу үшін оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов барды.

Оқиға орнында сынақ өрт зертханасының мамандары мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Өрт фактісі бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тегтер: Қарағандыоқиғаөрт

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz