Кадрдан жанымен құлап, бүкіл жолды жауып тастаған жүк көлігін көруге болады. Жолдың металл қоршауы зақымдалған. Жақын жерде ішінде бала отырған жедел жәрдем көлігі тұр. Сондай-ақ, бейнеде қираған жеңіл көлікті көруге болады. Қарама қарсы жолақта қираған жол талғамайтын көлік тұр.
Алматы облысының полиция департаментінің мәліметі бойынша, 2023 жылы 08 маусымда сағат 16:30 шамасында Алматы-Өскемен тас жолында келе жатқан SCANIA жүк көлігінің 40 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай Mitsubishi көлігімен соқтығысқан.
Соққыдан SCANIA жүк көлігі қарсы беттегі қозғалыс жолағына шығып кетіп, Nissan жеңіл көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан Mitsubishi көлігіндегі кәмелетке толмаған жолаушылар 2014 және 2017 жылы туған балалар мен 26 жастағы Nissan жолаушысы зардап шекті. Олар Қонаев қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша 40 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram