Осы оқу ордасының 9-сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келген.
Ол 3 оқушыны жарақаттады. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта №4 орта мектепте полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Төтенше жағдай бойынша мән-жайды толық анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Оған Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының, облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің және ювеналды полицияның өкілдері кірген.
Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр.
Ал мектепте мамандандырылған күзет қызметі болмаған, кіреберісте вахтер ғана отырған.