Лагос штатының көлік басқармасы жексенбі күні оқиғаның Мово қаласындағы жолда болғанын хабарлады. Жүргізушімен бірге 20 адам болған автобус, үлкен жылдамдықпен келе жатып, құм мен топырақ тиелген алдыңғы көлікке соғылды. Автобустағы адамдардың барлығы қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Көлік басқармасының мәліметінше, жол апатына жылдамдықты арттыру себеп болған.
Нигерияда жолдың нашарлығына және жылдамдықты арттыруға байланысты жол апаты жиі болады.