Салдарынан Кеңқияқ ауылының 8 тұрғыны газбен улану белгілерімен ауруханаға түскен, деп хабарлайды alaltaunews.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 қыркүйек күні Шұбарши ауылындағы газ тарату станциясында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоспарлы түрде газ беру толық тоқтатылды. Бұл туралы алдын ала ескерту берілді.
«Ережеге сәйкес газды тоқтатып, ашатын кранды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарынан кейін күшті иісі бар «Одорант» деп аталатын газ жіберіледі. Жергілікті тұрғындардың шағымдары түскеннен кейін «Техногаз» ЖШС мамандары Кеңқияқ, Саркөл ауылдарының тұрғын үйлерін аралап шықты. Нәтижесінде газдың таралу деректері анықталған жоқ. Ал Кеңқияқ ауылының ауруханасына 8 тұрғын газбен улану белгілерімен жүгінді. Қазіргі уақытта барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өмірлері мен денсаулықтарына қауіп жоқ», — делінген хабарламада.
Басқа зардап шеккендер жоқ. Жағдай жергілікті атқарушы органның бақылауында.