Полицейлер мәліметінше, сағат 21:00 шамасында департаментке бір әйелдің суға батқаны туралы хабарлама түскен.
«Бұл әйелмен қоса бірнеше адам жағалаудан 250 метрдей қашықтықта гидроциклмен жүзіп жүрген. Тепе-теңдік сақтай алмаған қыз гидроциклдан суға құлаған. Демалыс аймағының нұсқаушысы көмектесуге асыққанымен, құтқаруға үлгермей қалған», — деді ведомство өкілдері.
Сүңгуірлер мәйітті екі күннен бері іздеп жатыр. Олар бара алмайтын жерге Павлодар облысынан судың түбін сканерлейтін құрылғы әкелінді. Тереңдігі 20 метрден 30 метрге дейін жететін судың түбі балдырларға толы. Сол себептен, адамды іздеу қиынға соғып жатыр. Бұған қоса тоқтаусыз соққан жел мен толқынның көтерілуі де құтқарушылар жұмысына кедергі жасап жатқан көрінеді.