Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 қыркүйек күні сағат 14:45-те Алатау ауданы Рысқұлов даңғылы, 103 мекенжайы бойынша өрт шықты.
«Сағат 14:54-те қоқыс өрті анықталды, өрт көрші дүкендерге тарады. Соның бірі – үш қабатты көлік бөлшектерін сататын дүкен. Дүкендердің сауда орындарында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер 6 минутта «Бақорда» сауда үйінің ауданындағы қоқыс пен дүкеннің өртін ауыздықтады.