Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға әйелдің психикалық ауытқуынан болған. Күйеуі үйге келгенде 12 жасар баласы мен бұрынғы әйелінің мәйітін көріп, дереу полицияға хабарлаған.
«1981 жылы туған әйел 2011 жылы туған ұлын бірнеше рет пышақтап өлтірген. Сосын өз-өзіне қол жұмсаған», — деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Әйел бұрынғы күйеуіне дыбыстық хабарлама жазған. Ол дыбыстық хабарламада өзіне жын кіріп, баланы өлтірткенін айтқан.
Ер адамның айтуынша, соңғы кездері бұрынғы жұбайында психикалық ауытқу пайда болған.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы тергеу процесінде анықталатын болады. Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты сараптамалар тағайындалды.