Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысының тұрғыны экс-әйелін 22 жерден пышақтады

Адам өміріне қол сұғу фактісі Еңбекшіқазақ аудандық полиция департаментінде тіркелді.

06.09.2022
Арнайы жоба

Бір ғажаптың күшімен аман қалған әйелдің оқиғасын «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі айтып берді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі. 

Юлия күйеуімен 17 жыл бірге тұрған. Соңғы екі жылда жұбайы ішімдікке салынып, жиі жанжал шығарған. 

«Екінші ақпан күні ол мені ұрып-соқты, тіпті қарудан оқ атты. Ол кезде полицияға арызданбадым, бірақ бірден ажырасуға өтініш бердім. 19 мамыр күні сот болып, екеуміз ажырастық. 24 маусым күні ол маған қайта тап беріп, қылқындыруға тырысты. Сонда полицияға арыздандым. Оны есепке алып, маған жақындауына тыйым салды», – дейді Юлия. 

Ал үшінші қыркүйек күні Юлия үйінен заттарын алып кетуге келген. Сонда бұрынғы күйеуі оған 22 жерден пышақ сұққан. Әйел бір ғажайыптың күшімен аман қалған. 

Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов күдіктінің сол күні ұсталғанын хабарлады.

«Адам өміріне қол сұғу фактісі Еңбекшіқазақ аудандық полиция департаментінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу бөлімше тергеушілеріне тапсырылды», – деді Абдрахманов. 

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижесін облыстық департамент қадағалауға алды. 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz