Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында жаяу жүргіншілер жолағында 12 жасар оқушыны көлік қағып кетті

1 мамырда Талғар қаласы маңындағы жаяу жүргіншілер жолағында 12 жасар оқушыны көлік қағып кетті.

04.05.2023
Арнайы жоба

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды alataunews.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, аталған іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары қолға алынды.

Toyota-ны тізгіндеген 18 жастағы жүргізушісі Бәйтерек – Талғар тас жолымен келе жатып, оқушы қызды қағып кеткен.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, кәмелетке толмаған қыз арнайы жол белгісі бар жерден жолды кесіп өтпек болған. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші түрлі дене жарақатын алып, Талғар қаласындағы ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.

Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігінде қамтылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Талғар ауданының ЕҚДБ-да тіркелгені де нақтыланады.

Видео авторы жүргізушінің жоғары жылдамдықпен жолдың қарама-қарсы бетімен жүйіткігенін айтады. Сондай-ақ ол қыздың аяғы сынғанын да жеткізді.

Тегтер: Алматы облысыоқушыТалғар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz