Қонаев полициясына екі жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Әйелдер оларға бейтаныс ер адамның шабуылдағанын хабарлаған.
Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оны еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген.
Екінші эпизодта 41 жастағы әйел ер адамның құрбанына айнала жаздаған.
Екі жәбірленуші де шабуыл кезінде күдіктінің есірткіге мас болғанын айтты.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 120-бабы бойынша тіркелді.
Күдікті қамауға алынды.