Әкімдік мәліметінше, call-орталықтар тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарына жедел жауап беру, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес ұсыну және түрлі жағдайларда ақпараттық қолдау көрсету мақсатында жұмыс істейді.
Негізгі байланыс нөмірлері
Облыс бойынша бірыңғай байланыс нөмірі — 109.
Call-орталық Алматы облысы, Қонаев қаласы, 3-ықшам аудан, 3-үй мекенжайында орналасқан. Жауапты — Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасына қарасты «Ақпараттық технологиялар орталығының» басшысы Ермек Ибрагимов.
Сонымен қатар аудан және қала әкімдіктерінің call-орталықтары да жұмыс істейді:
Қонаев қаласы — 8 (72772) 40790, Жамбыл көшесі, 13
Алатау қаласы — 8 (727) 3042629, Қоянқұс ықшамауданы, Б.Момышұлы көшесі, 157/1
Балқаш ауданы — 8 (72773) 95496, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 64
Еңбекшіқазақ ауданы — 8 (72775) 2-07-77, Есік қаласы, Ж.Жабаев даңғылы, 21
Жамбыл ауданы — 8 (72770) 22340, Ұзынағаш ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 56
Іле ауданы — 8 (72752) 20892, Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі, 8
Қарасай ауданы — 8 (72771) 29981, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 213
Кеген ауданы — 8 (72777) 21170, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 19
Райымбек ауданы — 8 (72779) 21994, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, 22
Талғар ауданы — 8 (72774) 21284, Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 65
Ұйғыр ауданы — 8 (72778) 21739, Шонжы ауылы, Юнус Раджибаев көшесі, 75
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, call-орталықтар тұрғындардың өтініштерін қабылдап қана қоймай, жауапты мамандармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл формат өңірдегі мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттырып, тұрғындармен кері байланысты күшейтуге бағытталған.




