Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

«Жұмысшының бір күні»: Фармацевтика саласының ішкі әлемі

Қазақстанда еңбек адамының рөліне жаңа көзқарас қалыптасып келеді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жұмысшының бір күні» жобасы дәл осы мақсатты көздейді. Жобаның міндеті – қоғамға қарапайым жұмысшының еңбегін көрсету, өндірістегі тәртіп пен мәдениетті таныту, жастардың кәсіптік бағдар алуына ықпал ету.

Мөлдір Иманмади
30.09.2025
Мақала

Фармацевтика саласындағы түсірілім “Abdi Ibrahim Global Farm” ЖШС кәсіпорнында өтті. Компания – Түркиядағы әйгілі Abdi İbrahim Pharmaceuticals халықаралық холдингінің Қазақстандағы еншілес ұйымы.

Кәсіпорын GMP халықаралық стандарттарына толық сай, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда антибиотиктер, жүрек-қан тамырлары ауруларына қарсы дәрілер, дәрумендер және басқа да әлеуметтік маңызы бар препараттар өндіріледі.

Зауыттың басты мақсаты – қазақстандықтарды сапалы әрі қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, импорттық тәуелділікті азайту.

Өндірістік бақылау жөніндегі бас маман Бақдәлет Алтынбекұлы өз ойымен бөлісті:

«Бұл жерде әрбір қадам – жауапкершілік. Біз жасаған дәрілерді мыңдаған адам ішеді. Сол себепті біз үшін ең бастысы – сапа мен тәртіп. Өзімнің еңбегім адамдардың денсаулығына пайдасын тигізіп жатқанына қуанамын», – дейді ол.

Мұндай жобалар жастарға өндіріс саласын таныстырумен қатар, олардың болашақ мамандық таңдауына да ықпал етеді. Жобаны ұйымдастырушылардың пікірінше, еңбек адамының бейнесін дәріптеу арқылы жастардың нақты салаларға деген қызығушылығы артады.

«Әрбір мамандықтың қадірі бар. Бүгінгі таңда бізге тек офистік қызмет қана емес, нағыз өндіріс мамандары ауадай қажет. Жастар осыны түсінуі үшін осындай жобалар қажет», – дейді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері.

«Жұмысшының бір күні» – еңбек адамына құрмет көрсетуге, өндірістің қыр-сырын халыққа жеткізуге арналған тың бастама. Abdi Ibrahim Global Farm зауытындағы түсірілім – соның бір айқын дәлелі.

Бұл жоба еліміздегі мыңдаған жұмысшының бейнесін ашып, жастарға үлгі боларына сенім мол.

 

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы

Бисембекова Раушан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz