Top.Mail.Ru
Воскресенье, 1 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Мақала

Халықпен ашық диалог: Марат Сұлтанғазиев Райымбекте

by Мөлдір Иманмади
12.09.2025
in Мақала
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Райымбек ауданына барып, тұрғындармен жүздесті. Кездесуде ол ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Содан соң халықпен ашық сұрақ-жауап өткізілді.

Әкімнің жеке қабылдауында жергілікті тұрғындар өздерінің әлеуметтік мәселелерін көтерсе, жалпы жиында суармалы жер көлемін ұлғайту, дәнді дақылдарды зиянкестерден қорғау, мектеп пен аурухана сияқты ескірген нысандарды күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігі сөз болды.

Сапар аясында облыс әкімі:
• мерзімінен бұрын аяқталатын «Нарынқол – Сүмбе» тасжолының жөндеу жұмыстарымен танысты;
• Нарынқол шекара бөлімінде жаңа тұрғын үйлердің кілтін табыстады;
• Қызылшекарадағы жарты ғасыр жөндеу көрмеген мектептің жаңартылатынын айтты;
• «Алтын Дән-1» агроөнеркәсіптік кешенінің жұмысын көріп, картоп қоймасын салу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Нарынқол – Сүмбе тасжолы мерзімінен бұрын пайдалануға берілмек

Сапар барысында аймақ басшысы «Нарынқол – Сүмбе» тасжолының жөндеу жұмыстарымен танысты. 38 шақырымды құрайтын жол құрылысы жоспар бойынша 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс еді. Алайда мердігер компания жұмысты қар түспей тұрып, биыл толық бітіретінін жеткізді. Қазіргі таңда 11 шақырым бөлігі қалған. Жобаның жалпы құны – 1,9 млрд теңге.

Шекарашыларға жаңа тұрғын үйлер табысталды

Нарынқол шекара бөлімінде қызметкерлерге арналған жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 70 шаршы метрлік 6 пәтердің құрылысына 124,3 млн теңге бөлінген. Кілт табыстау рәсіміне арнайы қатысқан Марат Сұлтанғазиев шекарашыларды құттықтап, олардың еңбегінің мемлекет үшін ерекше маңызын атап өтті. Жаңа баспаналар қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, отбасылары үшін сенімді тірек болмақ.

Жарты ғасыр жөндеу көрмеген мектеп жаңарады

Қызылшекара ауылындағы К.Байшығанұлы атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 1979 жылы салынған білім ордасы осы уақытқа дейін толық жөндеуден өтпеген. Жобаның құны – 1,6 млрд теңге. Әкім артық бос тұрған ғимарат аумағын тиімді пайдалану қажеттігін де атап өтті.

«Алтын Дән-1» шаруашылығындағы жетістіктер мен мәселе

Қызылшекара ауылындағы «Алтын Дән-1» агроөнеркәсіптік кешені — облыстағы PepsiCo компаниясымен серіктес жалғыз шаруашылық. Мұнда картоп пен бидай өсіру қарқынды дамып келеді. Жаңбырлатып суару технологиясы енгізіліп, гектарына 30-40 тоннаға дейін өнім алынып отыр.


Дегенмен шаруашылық иелері басты мәселе ретінде картоп қоймасының жоқтығын алға тартты. Егер өнімді сақтайтын заманауи қойма салынса, халықаралық серіктестік ауқымын кеңейтуге мүмкіндік бар екенін жеткізді. Әкім бұл мәселені шешу үшін тиісті тапсырмалар берді.

Қорытынды

Марат Сұлтанғазиевтің Райымбек ауданына сапары бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, шешімін табуға жол ашты. Әкімнің айтуынша, жол құрылысы, әлеуметтік нысандарды жаңарту, тұрғындарды баспанамен қамту және ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бастамалар — ауданның дамуына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін маңызды қадамдар болады.

Tags: алматы облысының жаңалықтарыМарат СұлтанғазиевРайым ауданы халқымен кездесу

Ұсынымдар

Алматы облысының мұғалімі республикалық педагогикалық хакатонда жеңіске жетт

29.01.2026

Нипах вирусы: қазақстандықтарға қауіпті елдерге бармауға кеңес берілді

29.01.2026

Тоқаев баспасөз хатшысын ауыстырды: Айбек Смадияров тағайындалды

29.01.2026

Алматы облысында жалған әкімдік шешімдері арқылы жер бөлінген

29.01.2026

Қонаевта нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды

29.01.2026

Алматы облысында еңбек адамдары марапатталды

29.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz