Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Алматы облысында туристерге арналған жаңа аймақ ашылады

Саты жайлау, Саты нұр, Саты көктем, Саты деген атың неткен! Мен анамнан туғам жоқ ақын болып, Қасиетті туған жер ақын еткен. Бұл осы ауылдан шыққан ақын Ерұлан Бағаевтың өлеңі...

Мөлдір Иманмади
24.05.2024
Мақала

Кеген ауданындағы көркі көз тарталық Саты ауылын бұдан артық суреттеу мүмкін емес сияқты. Бұл жер Қазақстандықтар үшін ғана емес шет елдерден келетін туристер арасында да танымал. Бір барған адамды қайта өзіне тартып тұратын мекенде жақында тағы бір тағылымға толы тарихи аймақ табылды.

Тек ол жерді дамыту үшін мықты инвестор керек дейді өңір басшысы.

«Біздің мақсат Алматы облысының туризмін дамыту мақсатында осы жаңа локацияны ашу. Саты ауылының кіре берісінде, жергілікті азаматтардың өз күшімен салған стелла бар. Міне осы жерде, мына ағып жатқан өзеннің түбінде бұрынғы заманнан қалған таңбалы тастар бар. Бұл тарихын тереңнен танығысы келетін қазақстандықтар үшін де, шетелдіктер үшін де қызығарлық аймақ. Сондықтан, мұны болашақта ашу керекпіз. Аталған бастаманы облыстық туризм басқармасы да қолдап отыр. Енді дамытуға атсалысатын мықты инвестор болса деген ниетіміз бар», — дейді Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев.

Қазіргі уақытта, осы бағытта келіссөздер жүргізіліп жатыр екен. Тастағы таңбалардың қай ғасырда салынғанын зерттеу жолға қойылды.

«Алдағы уақытта, Кеген ауданы Саты ауылының маңында жаңа туристік бағыттарды ашуды жоспарлап отырмыз. Себебі, облыстағы ежелден қалған таңбалы тастардың тарихын туристерге де танытуымыз керек, оның үстіне қазір Көлсай көлдері ұлттық саябағына келушілер тым көп болғандықтан, туристердің ат басын басқа да бағыттарға бұру. Жалпы Алматы облысында турист санының өсуіне байланысты, жаңа туристтік орындар ашуға қажеттілік бар», — деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы Шерхан Есентемиров.

Айта кетейік, бұл Алматы облысында табылған үшінші — Таңбалы тас. Одан бөлек, Қонаев қаласы маңында және Жамбыл ауданында да дәл осындай тарихи мекендер бар.

Сонымен қатар, облыстық туризм басқармасы өкілдері Асы үстіртінде кемпингтерге арналған абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жұмсақ инфрақұрылыммен жабдықталатынын айтты. Ал Қайыңды мен Көлсай көлдеріне бару үшін туристік соқпақты ыңғайландыру жолға қойылды.

Ендеше, туған жердің табиғатын танытып, туризмді дамытудағы бастамалар жалғаса берсін!

Тегтер: Алматы облысының көрікті жерлеріАлматы облысының туризміБасты жаңалықтаркеген ауданыСаты ауылытаңбалы тас

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz