Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Алматы облысында ірі құс кешені дамып келеді: Chickodelli бренді ішкі нарық пен экспортты қатар күшейтуде

Мөлдір Иманмади
03.02.2026
Мақала

Алматы облысы Ұйғыр ауданында орналасқан «Прима Құс» ЖШС — Қазақстандағы тұйық циклді бройлер етін өндіру және өңдеу бағытындағы ірі агроөнеркәсіптік кешендердің бірі. Chickodelli брендімен танылған кәсіпорын сапа, қауіпсіздік және тұрақты даму қағидаттарын басты орынға қойып келеді.

Компания 2019 жылы Алматы қаласында құрылған. Ал құс кешенінің құрылысы 2021 жылдың мамыр айында Алматы облысында басталған. Бүгінде өндірістік алаңның жалпы аумағы 547,5 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта кәсіпорында 750-ден астам адам  еңбек етеді. Үшінші құрылыс кезеңі толық аяқталған соң, жұмысшылар саны 1200 адамға дейін артады деп жоспарлануда.

Өндіріс көлемі ұлғайып, экспорт үлесі артып келеді

Компания кезең-кезеңімен іске асырылып жатқан инвестициялық жоба аясында өндірістік қуатын тұрақты түрде арттыруда. Алғашқы құрылыс кезеңі 2022 жылы жүзеге асырылып, оған 33,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл кезеңде жылына 17 500 тонна құс еті (тірі салмақта) және айына 200 тоннаға дейін шұжық өнімдерін өндіру мүмкіндігі іске қосылды.

Ал екінші кезең 2025 жылы аяқталып, өндірістік қуат 50 пайызға артып, жылына 26 500 тонна құс етін өндіруге жетті. Сонымен қатар, шұжық өнімдерінің жылдық көлемі 400 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Компанияның маркетинг және жарнама бөлімінің өкілі Анастасия Покатовичтің айтуынша, «Прима Құс» өнімдеріне сұраныс жыл сайын артып келеді.

Screenshot
«Компания тұрақты түрде дамып, өндіріс көлемін ұлғайтып келеді. Барлық өнімдер мұсылман дәстүріне сай, “Халал” стандарты бойынша өндіріледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өніміміздің 38 пайыздан астамы экспортқашығарылды. Бүгінде біз Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Әзербайжан нарықтарына өнім жеткіземіз. Алдағы уақытта Қытай мен Моңғолия бағытындағы экспортты жолға қоюды көздеп отырмыз», — дейді ол.

Экспортқа құс етімен қатар, шұжық өнімдері мен түрлі жартылай фабрикаттар шығарылады. Компанияның барлық өнімі халықаралық талаптарға сай, ISO 22000 және HACCP сапа және тағам қауіпсіздігі жүйелерімен сертификатталған.

Өндіріс қалай жүреді?

Кәсіпорындағы өндірістік процестің қалай ұйымдастырылғанын цех басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Тлеген Нұржанов тарқатып берді.

«Өндіріс таңертең ерте басталады. Құстар алдымен кәсіпорын аумағына жеткізіледі. Сою цехында ветеринар дәрігерлер олардың жағдайын толық тексеріп шығады. Содан кейін “Халал” стандартына сай дұға оқылып, бауыздау процесі басталады. Тауықтар бірнеше технологиялық кезеңнен өтеді: қанын ағызу, қауырсынын жұлу. Одан соң құстар ауа-тамшылы салқындату бөлімінде 2 сағат 45 минут айналдырылады. Бұл — еттің температурасын барынша төмендету үшін қажет», — дейді ол.

Температура қажетті деңгейге түскеннен кейін, сойылған құстар өндірістік цехқа жіберіледі. Мұнда салқындатылған және мұздатылған құс еті дайындалады. Сонымен қатар, бауыр, жүрек, асқазан секілді ішкі ағзалар да мұздатылған күйде өңделіп, Қазақстанның барлық өңіріне жөнелтіледі.

Screenshot

Өнімді қаптауға да қатаң талап қойылған: көтерме қаптаманың салмағы 13 500 килограмнан кем болмауы, ал бөлшек саудаға арналған жеке қаптамадағы құс еті 800 грамнан төмен болмауы тиіс.

Алда — жаңа мүмкіндіктер

Қазіргі уақытта, компания үшінші құрылыс кезеңін іске асыруда. 2026 жылға қарай өндіріс көлемі жылына 35 мың тоннаға дейін жетіп, 12 200 тоннаға арналған элеватор салу жоспарланған. Жоба Қазақстан Даму Банкі мен KazakhExport қолдауымен жүзеге асырылуда.

Chickodelli бренді тек өндірісті ғана емес, фирмалық дүкендер мен франчайзинг желісін де белсенді дамытып келеді. Жаңа өнім түрлері ұсынылып, қаптама дизайны жаңартылуда.

Осылайша, «Прима Құс» ЖШС отандық нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға да елеулі үлес қосып отыр.

Тегтер: ChickodelliАлматы облысының ауыл шаруашылығыБасты жаңалықтарПрима Құс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz