Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Аймақтық медицинада серпіліс: Конаевта заманауи эндоскопиялық орталық ашылды

Бүгін, 2025 жылдың 29 тамызында Конаев қалалық көпсалалы ауруханасының базасында заманауи жапондық жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа эндоскопиялық орталық ашылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
29.08.2025
Мақала

Бұл орталық асқазан-ішек жолдары, тыныс алу жүйесі және басқа да ағзалар ауруларын диагностикалау мен емдеудің сапасын едәуір арттыруға бағытталған.

Эндоскопия – хирургиялық араласусыз ішкі ағзаларды зерттеуге мүмкіндік беретін дәлдігі жоғары аспаптық диагностика әдісі. Жаңа орталық конаевтықтарға және облыс тұрғындарына бұған дейін тек ірі республикалық клиникаларда қолжетімді болған заманауи технологияларға жол ашады.

Эндоскопиялық орталықтың меңгерушісі, Ресей Федерациясында осы бағыт бойынша оқудан өткен дәрігер Шкуралиев Тахир Закирович жаңа жабдықтың арқасында эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулерді біріктіруге мүмкіндік туатынын атап өтті.

Бұл өз кезегінде жоғарғы асқазан-ішек жолдары, өт жолдары, ұйқыбез ауруларын дер кезінде анықтап, тиімді емдеуге жол ашады. Сондай-ақ эндоскопиялық гемостаз, полипэктомия сияқты жарақаты аз процедураларды орындау мүмкіндігі де бар.

Ашылу салтанатына Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов, жетекші медициналық мамандар және БАҚ өкілдері қатысты.

Орталыққа пациенттер учаскелік дәрігерлер мен емханалар мамандарының жолдамасы арқылы қабылданады. Барлық процедуралар мемлекеттік сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

«Бүгін біз үшін өте қуанышты күн. Себебі, Алматы облысының тұрғындары үшін заманауи әрі сапалы медицина қолжетімді болды. Бүгінгі Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының базасында ашылып отырған орталықтың мамандары еліміздегі және шетелдердегі ғылыми институттарда арнайы білім алған. Осы құрылғылар арқылы өңір тұрғындарының денсаулықтарында туындаған ауытқуларды қатерлі ісікке жеткізбей ерте анықтаймыз. Жабдықтар заманауи, сапалы болғандықтан халық тексеру нәтижесін ұзақ күтпейді. Нәтижесінде онкологиялық ауруларды алдын-ала ерте анықтауға мүмкіндік туады», — деп атап өтті Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры, Алматы облысының штаттан тыс бас дәрігері Саяхат Олжаев.

Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін тағы үш ауданда осындай орталықтың ашылуы жоспарланып отыр.

Тегтер: Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасыБасты жаңалықтарҚонаев қаласыонкологияэндоскопиялық орталық

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz