Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

8 Наурыз: Жақын жандарға қандай сыйлық таңдаған дұрыс?

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көпшілік жақын жандарын қалай қуантсам екен деп ойланып жататыны белгілі. Бүгінде тосынсый жасаудың, ерекше әрі есте қаларлықтай тарту таңдаудың сан алуан жолы бар. Әрине, әр адамның қалауы мен талғамы әртүрлі болғандықтан, таңдау жасау оңайға соқпайды. Сондықтан, Alataunews.kz тілшісі жақын жанның жасына, өмір салтына және қызығушылықтарына сай ең жақсы сыйлықтарды таңдауға көмектесетін кеңестер ұсынады.

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2025
Мақала

Аналарға арналған сыйлықтар

Аналар үшін бастысы – көңіл бөлу мен қамқорлық. Олардың жасына, өмір салтына және қалауына қарай мынандай сыйлықтарды таңдауға болады:

  • Ауа ылғалдандырғыш;
  • Сүйікті иіссуы;
  • Косметикалық өнімдер;
  • СПА салонына сертификат;
  • Стильді шарф немесе палантин;
  • Зергерлік бұйымдар;
  • Ерекше хош иісті шам;
  • Концертке, театрға немесе мұражайға билеттер.

Қыздар мен жасөспірімдерге арналған сыйлықтар

Жасөспірім қыздар трендте жүрген сәнді заттарға қызығады. Олардың жас ерекшелігі мен талғамына сәйкес мыналарды сыйға тартуға болады:

  • Балалар косметикасы;
  • Косметика немесе парфюмерия дүкеніне сертификат;
  • Әшекей бұйымдар;
  • Сымсыз құлаққап;
  • Шопингке арналған сертификат;
  • Фотосессия;
  • Қызықты квест немесе шеберлік сағаттарына жолдама;
  • Смартфон;
  • Смарт сағат;
  • Отбасымен басқа қалаға саяхат.

Сүйіктіңізге арналған сыйлықтар

Сүйікті жан үшін бастысы – сіздің шынайы сезіміңіз. Оны қуанту үшін келесідей сыйлықтарды таңдауға болады:

  • 10 жылға дейін сақталатын қораптағы раушан гүлдері;
  • 3D шам;
  • Зергерлік бұйымдар немесе сәнді әшекейлер;
  • Сүйікті парфюмериясы;
  • Стильді әмиян;
  • СПА сертификаты;
  • Қолдан жасалған тәттілер (шоколадты құлпынай);
  • Романтикалық кездесу немесе саяхатқа жолдама.

Жұбайыңызға арналған сыйлықтар

Жұбайыңызбен бірге өткізген жылдар оның қалауын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Оған ұнайтын сыйлықтардың тізімі:

  • Смарт сағат;
  • Фитнес білезік;
  • Романтикалық кешкі ас;
  • СПА сертификаты;
  • Бокс жиынтықтар (косметика, кітап, ыдыс, т.б.);
  • Мастер-класстарға жолдама;
  • Концерт немесе театр билеттері.

Әпкеңізге арналған сыйлықтар

Қандай жас ерекшелігі болмасын, әпкеңізді мынадай сыйлықтармен қуанта аласыз:

  • Сыйлық жиынтығы;
  • Қолдан жасалған сабын;
  • Кітап;
  • Жазбаларға арналған магниттік тақта;
  • Тәттілер қорабы;
  • Алтын немесе күміс алқа;
  • Дизайнерлік сағат;
  • Суретке түсуге арналған жарық шамы;
  • Үстел ойындарына арналған құралдар;
  • Шығармашылыққа арналған құрал-жабдықтар.

Әжеңізге арналған сыйлықтар

Әжелерімізге ең бастысы – көңіл бөлінуі. Бірақ оған қоса, мынадай сыйлықтар да керемет әсер қалдырады:

  • Қолтаңбасы бар фотожиектеме;
  • Жібек орамал;
  • Ортопедиялық жастық;
  • Есімі жазылған атаулы қойындәптер;
  • Тәттілердің сыйлық жиынтығы;
  • Әмиян;
  • Хоббиге арналған құралдар;
  • Жарығы бар үлкейткіш.

Әріптестеріңізге арналған сыйлықтар

Әріптеске сыйлық таңдауда бейтарап, бірақ пайдалы әрі жағымды нұсқалар дұрыс:

  • Скетчбук;
  • Пазл;
  • Флорариум;
  • Үстелге арналған кеңселік бұйым;
  • Қолшатыр;
  • USB жылытқышы бар кружка;
  • Тәттілер жиынтығы.

8 Наурыз мерекесіне арналған сыйлықтарды таңдауда сыйлықтың бағасынан гөрі, оның мәні мен шынайы көңіліңіз маңызды. Сыйлықты таңдағанда әйел адамның мәртебесіне, өмір салтына, қызығушылықтарына және сізбен қарым-қатынас деңгейіне ерекше мән беріңіз. Бұл сіздің таңдауыңызды дәл әрі мағыналы етуге көмектеседі!

Тегтер: Басты жаңалықтармерекесыйлық

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz