Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Ауылдан шыққан бренд: тоқыма ісін өркендеткен кәсіпкер

Алматы облысы Ұзынағаш ауылының тұрғыны, кәсіпкер Нұргүл Дәлелқанқызы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қолөнер бұйымдарын халықаралық көрмелерге қойып, шетелге шығарып жүр. Ол тоқыма саласында 20 жылдан бері  еңбек етіп келеді. Бүгінде ол аудандық деңгейден шығып, өнімдерін шетелге дейін шығарған табысты кәсіпкер.

Мөлдір Иманмади
27.08.2025
Мақала

Мемлекеттік грант – серпіліс бастауы

2024 жылы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Нұргүл Дәлелқанқызы мемлекеттік грант иегері атанды. Ол қаражатқа заманауи тоқыма машинкаларын, ою басатын құрылғыны сатып алып, өндірісін жаңа деңгейге көтерді. Бұрын қолмен жасалған оюларды енді арнайы машинка арқылы сапалы әрі жылдам шығара алады.

«Дамып жатқан осы жұмысымыздың барлығы Атамекен кәсіпкерлер палатасының қолдауының арқасында болды. Құжат жағынан болсын, кеңес беру жағынан болсын бізге әрдайым көмектесіп, жол көрсетіп отырды. Сол үшін Палата ұжымына үлкен алғыс айтамын», – дейді Нұргүл ханым.

Ауыл тұрғындарына жұмыс, елге үлгі

Қазіргі уақытта, кәсіпкердің шеберханасында ауылдың 5 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл – ауыл халқы үшін табыс көзі әрі өңірдің әлеуметтік дамуына қосылған үлес.

Өндірісте тек отандық шикізат қолданылады: қойдың жүні мен сиырдың терісінен жасалған 100 пайыз экологиялық таза өнімдер шығарылады. Авторлық құқықпен қорғалған үлгілері мен сертификаттары бар. Арнайы тапочкалары халықаралық көрмеде ұсынылып, тіпті Америкаға дейін сатылған.

Жаһандық арман

Нұргүл Дәлелқанқызының басты мақсаты – Қазақстанның тоқыма өнімдерін әлемге таныту. Ол Түркия мен Италиядағы көрмелерге қатысып тәжірибе алмасқан. Алдағы жоспары – Парижде қазақстандық өнімдерден сән көрсетілімін ұйымдастыру.

 «Біздің өнімдеріміз – тек бас киім не киім-кешек қана емес. Біз тұтас ұлттық нақыштағы толық образ жасай аламыз: бас киім, аяқ киім, сөмке, киім – барлығы бір стильде. Қазақтың қолөнерін әлемге паш ету – арманым», — дейді кәсіпкер.

Атамекен – сенімді серік

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Нұргүл Дәлелқанқызы секілді іскер жандарға әрқашан қолдау көрсетіп келеді. Гранттарға қол жеткізу, құжаттандыру, кеңес беру және жаңа нарықтарға шығуға бағыт беру – Палатаның басты міндеттерінің бірі.

Нұргүл ханымның жетістігі – мемлекет қолдауы мен кәсіпкердің табанды еңбегінің айқын көрінісі. Оның тәжірибесі ауылдағы көптеген кәсіпкерлер үшін шабыт көзіне айналды.

 

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы

Раушан Бисембекова 

 

Тегтер: "Атамекен" кәсіпкерлер палатасықолөнертоқыма

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz