«Іс аяқталды, қазір танысу жүріп жатыр, содан кейін сотқа жіберіледі. Процесс мынадай: зардап шеккен тарап пен күдікті тарап қарап жатыр. Менің ойымша, процесс аяқталуға жақын. Тергеу толығымен аяқталды, оны қарап шыққан соң, қадағалау органы ретінде прокуратураға жібереміз, прокуратура арқылы сот қабылдап, шешім шығарады», — деді Сәденов.
ІІМ басшысының айтуынша, соттың ашық немесе жабық өтуін судья шешеді.