Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазған.
«Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті. 2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды», — деп жазған Руслан Желдібай.
Оның дерегіне сенсек, Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді. Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдаған.





