Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Іле ауданында жас отбасылар өз таңдауын жасады

Іле ауданында орталықтан 120 шақырым шалғай жатқан Ақши ауылының тұрғындары, жас отбасы Темірғали Серік пен Гүлсара Жүгініс келіп дауыс берді.

19.03.2023
Сайлау-2023

Күрті ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы 27 жастағы Серік Темірғалиұлы ел болашағы жастардың қолында дейді.

«Сайлауға келіп, дауыс беруді әрбір азаматтың міндеті деп санаймын. Сондықтан бүгін келіп, таңдауымызды жасадық. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын», – деді Ақши тұрғыны,

Айта кету керек, бұл сайлау учаскесінде 3900 сайлаушы тіркелген. Округтік сайлау комиссиясының төрағасы Сабыр Бапановтың айтуынша, қазірдің өзінде ауылдың жартысына жуығы келіп дауыс беріп үлгерген.

Халқы тығыз орналасқан Байсерке ауылдық округінде аудандық аурухананың фельдшері, жас отау иесі Ақжол Асхатұлы жұбайымен №372 сайлау учаскесіне келіп таңдау жасады.

«Біздің таңдауымыз болашақтың игілігі үшін. Ауыл аймақтағы ауылдық амбулаториялардың жағдайы жақсаруы, халық денсаулығының түзелуі тікелей ақ халатты абзал жандардың қолында. Ендеше осы ауыл медицинасының алдағы жағдайы жақсарады деген үмітпен келдік. Біздің таңдаған кандидаттарымыз осы бағытта көп жұмыс істесе деген тілегіміз бар», – дейді ауыл тұрғыны.

Тегтер: Алматы облысыІле ауданысайлау2023

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz