Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Бүлінген бюллетеньді бір рет қана ауыстыруға болады – Алматы қаласы АСК

Дауыс беруден кейін мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады.

19.03.2023
Сайлау-2023

Бұл туралы сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова айтты.

Спикер журналистің егер дауыс беруші қателесіп, сызылып тасталған кандидатқа дауыс берген болса, оның басқа адамға дауыс беру мүмкіндігі бола ма деген сұраққа жауап берді.

«Егер сайлаушы қате жіберіп, ол бюллетеньнен сызылған кандидатты белгілесе және бюллетеньді жәшікке салмай тұрып қателескенін анықтаса, оның учаскелік комиссияға жүгініп, осы бюллетеньді өзгертуді сұрап, қайта дауыс беруге болатын басқасын алу мүмкіндігі бар», – деп жауап берді Айгүл Қалықова.

Сонымен бірге ол, бүлініп қалған бюллетень жарамсыз деп саналатынын атап өтті. Дауыс беруден кейін мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады.

Соған қарамастан, жарамсыз бюллетень орнына жаңасы дауыс берушіге бір рет қана беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 602 сайлау учаскесі бар. 1,2 млн алматылық дауыс беру құқығын пайдалана алады.

Тегтер: сайлау2023

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz