Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Павлодар облысының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесті

«Ақ жол» демпартиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері өңірлердегі жұмысын жалғастыруда.

13.03.2023
Сайлау-2023

Кеше олар Павлодар облысының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесті. 500-ге жуық адам жиналған «Естай» орталық мәдениет сарайында «Ақ жол» кандидаттары партияның саяси бағдарламасын таныстырды.

Жиынға партия төрағасы Азат Перуашев, төраға орынбасарлары Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсембинов, Павлодар облысынан бір мандатты сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат Фуат Сатыбаев, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, облыс тұрғындары және қолөнершілер қатысты.

Партияның жемқорлардың заңсыз шығарған капиталын елге қайтару, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдау, салалық салық мөлшерлемелерін енгізу және т.б қадамдары туралы айтқан фактілері жиналған қауымның үлкен қолдауына ие болды.

Қала тұрғындары көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Жиын соңында Азат Перуашев облыс тұрғындарын Павлодар облысының бір мандатты округі бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болған Фуат Сатыбаевқа және «Ақ жол» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға қолдау көрсетуге шақырды. Аталған партияластар ел қошеметімен бір команда болып сахнаға көтерілді.

«Ақ жол» демпартиясы – кәсіпкерлер партиясының басшылығы жергілікті қолөнершілердің көрмесін тамашалады.

Шеберлер мемлекет тарапынан гранттық қолдаудың жоқтығын айтып, түйткілді мәселелерімен бөлісті. Шағын кәсіпкерлікке бөлінетін көмек – кейде жас шектеуіне байланысты (35 жасқа дейін), кейде басқа жұмысы жоқ деген талаппен сәйкес келмейді. Ал, олардың көпшілігі үшін қолөнер әуелі сүйікті ісі әрі табыс көзі. Дегенмен, бұл сүйікті іс дұрыс бағытын тапса үлкен бизнеске айналуы мүмкін.

Азат Перуашев микробизнес пен жергілікті туризмді дамыту бағдарламаларына байланысты қолөнерді қолдау мәселесін зерттеуге уәде берді.

Тегтер: Ақ жолПавлодархалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Мәңгілік ел идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Президент

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Alatau City-де Қазақстандағы алғашқы eVTOL аэротаксиі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Бас прокуратура халықаралық форумда инвесторларды қорғау тәжірибесін ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Тоқаев Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумға қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Еңбекшіқазақ ауданында ұстаздар арасында «UstazQuiz» Супер кубогы өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz